Алматыда Astex.kz ЖШС, ACD technology ЖШС және MUDARABAN Capital ЖШС атты ірі қаржы пирамидаларының ұйымдастырушысы ұсталды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті - 29 жастағы ер адам. Оған Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру мен басқару" бойынша айып тағылып отыр.
"Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар қаржы пирамидасын құрып, басқарғаны үшін 47 жастағы ер адам күдікке ілінді. Оны ұстау үшін жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Соталды тергеу Алматы қаласы ДП Тергеу басқармасының тергеушілеріне жүктелген", - деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.Бұған дейін Алматы полициясы “ASTEX.KZ” ЖШС, “ACD technology” ЖШС ұйымдастырған қаржы пирамидасының құрбандарын іздеп жатқанын хабарлаған болатынбыз.