Алматы облысында 3 жасар бала жүріп бара жатқан көлік терезесінен құлап кетті

Алматы облысында 3 жасар бала жүріп бара жатқан көлік терезесінен құлап кетті

Алматы облысында үш жастағы қыз көлік терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде үш жастағы баланың “Hyundai Elantra” автокөлігінен  құлап кеткен видеосы жарияланғаны анықталды. Оқиға 17 мамырда сағат 10:00-де Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары көлікті жүргізген 32 жастағы әйелді ұстады. Құлап кеткен бала көліктің алдыңғы орындығында отырған, сонымен қатар көлікте баланы ұстап тұратын құрылғысы болмағаны анықталды. Бүлдіршін зардап шеккен жоқ. https://www.youtube.com/watch?v=-qv2V6yJWGg