17 мамырда 13.40-та Үржар ауданының полиция бөліміне Елтай ауылында 3 жасар екі ұл баланың жоғалып кеткені туралы хабар түсті, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті. Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізді. Жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар да балаларды іздестірді. Үйден 350 метр қашықтықтағы бау-бақша суаратын арықтан балалардың өлі денесі табылды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шарасы басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.