Оралда қоймалардың бірінен өрт шықты
Оралда қоймалардың бірінен өрт шықты
193
оқылды
Оралда ірі қоймадан өрт шықты. БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17.00 шамасында «Меркурий» сауда үйі аумағында құрылыс материалдары сақталатын жеке тұрған қоймадан (жалпы алаңы 1300 шаршы метр) өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Өрт аумағы 800 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға ТЖ департаментінен 54 қызметкер, 15 техника жұмылдырылған. [caption id="attachment_137716" align="alignnone" width="800"] width= Фото. ТЖМ[/caption]