Иманбектің әні Еуро-2020 ресми плейлистінен шығарылды
Иманбектің әні Еуро-2020 ресми плейлистінен шығарылды
131
оқылды
Футболдан Еуропа Чемпионатының ресми плей-листінен бірден бірнеше трек алып тасталды. Мұның себебі, мәтіндерде боқауыз сөздердің кездесуі, - деп хабарлайды Prosports.kz. Олардың ішінде қазақстандық Иманбек, ресейлік Моргенштерн және америкалық Fatty Wap бірлесіп шығарған туынды Leck әні де бар. РИА Новостидің хабарлауынша, УЕФА-ның баспасөз қызметі плейлист әзірлеушілерімен байланысқа шығып, мәтіндегі ұятсыз сөздерге байланысты бұл әндерді алып тастауды бұйырған. Әндер плейлист ресми жарияланғаннан кейін жойылды. Трек тізімін футболшылар таңдаған. Еуро-2020 коронавирус кесірінен 2021 жылға ауыстырылды. Чемпионат 11 маусымнан 11 шілдеге дейін Еуропаның 11 қаласында өтеді: Санкт-Петербург, Баку, Амстердам, Будапешт, Бухарест, Глазго, Копенгаген, Лондон, Рим, Мюнхен және Севилья.