Интерпол АҚШ-та жасырынған үш қазақстандықты ұстады
Интерпол АҚШ-та жасырынған үш қазақстандықты ұстады
204
оқылды

АҚШ-та жасырынып жүр­ген үш қазақстандық ұс­­­тал­ды. Олар аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін ха­­лықаралық іздеуде болған. Бұл туралы Ішкі істер ми­­­нис­трлігінің ресми өкілі мә­­лімдеді.

«Интерполдың Қазақстан ІІМ Ұлттық орталық бюросы АҚШ құзыретті органдарының көмегімен Америка аумағында жасырынып жүрген үш қазақстандықты анықтап, ұстады. Олар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан полициясының сұрауы бойынша халықаралық іздеу жарияланған. Өткен аптада олар Қазақстанға жер аударылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте. Ол соңғы уақытта шет мемлекеттердің аумағында қылмыскерлерді ұстау географиясы едәуір кеңейгенін айтты. Соңғы бес жыл­­да ТМД елдерінде, сондай-ақ ГФР, Грузия, Түркия, АҚШ, Израиль, Араб Әмірліктері, Финляндия, Ұлыбритания, Канада, Сенегал, Испания, Таиланд, Румыния, Португалия, Болгария, Австрия, Қытай, Швеция, Македония, Польша, Дания, Греция, Хорватия елдерінде іздестірілген адам­­дар анықталып, ұсталды.  

А.ЕРСҰЛТАН