Дәрігерге тіл тигізген ер адам жазаланды

Дәрігерге тіл тигізген ер адам жазаланды

Алматыда №7 клиника­лық ауруханада күзетшіні соққыға жығып, дәрігерді ба­ла­ғат­таған 36 жастағы тұр­ғын қа­мауға алынды. Сот оты­ры­­сында ер адам кінәсін то­­лықтай мойындап, қатаң жа­заламауын сұраған.

Оқыс оқиға 8 мамыр күні №7 қалалық клиникалық ауруханада болды. Алматы тұрғыны күзет­­­шінің мұрнын сындырып, қа­былдау бөлімінің хирург дә­рігеріне тіл тигізді. №7 қалалық кли­никалық аурухананың бас­пасөз қызметі мәлім еткендей, ер адам ауруханаға түскен әйеліне ерекше қарауын талап еткен. Қоғамдық орында және қыз­меттік міндетін атқару кезінде ар-намыс пен абыройын қор­лағаны үшін дәрігер полицияға шағым түсірді. Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, құқық­бұзушылық фак­тісін растады. Ол істеген ісіне өкініп, соттан қатаң жазаламауды сұрады. Алматы қалалық маман­­­дан­­ды­­­рылған ау­данаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы шешім қабылдады. Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.  

Исмаил ҚУАНЫШ