Қазақстан Президентінің туған күніне орай келіп түскен құттықтаулар
Қазақстан Президентінің туған күніне орай келіп түскен құттықтаулар
194
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан, Парла­мент төрағаларынан, Үкімет басшыларынан және шетелдік мемлекеттік орган­дар­дың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық меке­мелердің жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп жатыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, сондай-ақ Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады. Сонымен қатар Қазақстан Президентінің атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Украина Президенті Владимир Зеленский, Армения Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян,  бұдан бөлек Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин,  Татарстан Президенті Рустам Минниханов, ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Еуразиялық экономикалық ко­миссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хат­шысы Станислав Зась, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Норов, Эконо­микалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Хади Сүлейманпур, БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінің бас хатшысы Татьяна Валовая және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.