Бублик әлемдік рейтингте екі сатыға көтерілді
Бублик әлемдік рейтингте екі сатыға көтерілді
110
оқылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлем­дік рейтингте екі сатыға жо­ғарылады.

Қазақстан теннис федерация­сының хабарлауынша, бұл Бублик үшін спорттық мансабындағы жо­ғары көрсеткіш. Бұған дейін ол 40-сатыда тұрған еді. Қазір тен­нисші 38-орында тұр. Тағы бір отандасымыз Михаил Кукушкин үш сатыға жоғарылап, үздік жүздікке кірді. Яғни, 103-орыннан 100-орынға көтерілді. Ал Дмитрий Попко, Александр Недовесов пен Тимофей Скатов бұрынғы орындарында қалды. Әйелдер арасында Қазақстан­ның бірінші ракеткасы Елена Ры­ба­кина 22-орынды сақтап қалды. Юлия Путинцева болса 34-тен 35-ке сырғыды. Зарина Дияс 96-дан 93-сатыға жоғарылады. Ал Қа­зақ­стан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Рим жарысының екінші айналымына өтіп, 665-сатыдан бірден 433-орын­ға көтерілді.

Айбике ЖАНАСЫЛ