18 мамырға арналған ауа райы болжамы
18 мамырға арналған ауа райы болжамы
104
оқылды

Ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Тек қана оңтүстік пен батыста жауын-шашын болмайды. Кей өңірде жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-батыста кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел күшейіп, дауыл соғады. Түнде кей жерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20 м/с күшейіп, екпіні 25 м/с болады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Жамбыл, күндіз Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.