Әуезов ауданының патрульдік полицейлері тұрғын үйлердің ауласын аралау кезінде екі күдіктіні байқаған.
Олар алдымен жер қазып жатқандай кейіп танытқанымен қимылдары күдік тудырды.Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр: «Патрульдік көлік жақындай берген кезде күдіктілер қаша жөнелген. Алайда, тәртіп сақшылары оларды ұстады. Күдіктілерді тексеру кезінде қалтасынан есірткі орамдары түсіп қалған. Ұсталған – 18 жастағы О. есімді күдіктінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған 30 өсімдік тектес зат табылды, оның досы – 17 жастағы М. есімді тұрғыннан осыған ұқсас 20 пакет тәркіленді», – деді.