Аңшылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар
Аңшылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар
104
оқылды

Ресейдің солтүстік-батыс көлік прокуратурасының мәліметі бойынша 17 мамырда «Робинсон-44» тікұшағы Мәскеу уақытымен 15:15-те Васьково әуежайынан ұшып шыққан.

Тікұшақ әуежайда жанармай құйған. Ал 15:42-де әуе кемесі Архангельск облысы Мудьюг аралының солтүстік бөлігіне қонған. 21:25-те Мудьюг аралының жағалауынан 1,5 км қашықтықта тікұшақтың құлағаны туралы хабарлама келді.

Апат салдарынан бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды, біреуі хабар-ошарсыз кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта ұшқыш және үш аңшы болған.

Оқиға фактісі бойынша Ресей Федерациясы ҚК 263-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.