Алматыда көпқабатты үй өртеніп, 7 бала құтқарылды
Алматыда көпқабатты үй өртеніп, 7 бала құтқарылды
163
оқылды

Кеше түнгі сағат 22:44-те Алматы қалалық ТЖД-не Түрксiб ауданы Спасская көшесi №63 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт сөндірушілер келген кезде 3 қабатты тұрғын үйдiң балконынан шыққан өрт шатырды жайлап 300 шаршы метр аумақ өртеніп кетті. Барлық пәтерді өрт шарпуы мүмкін еді. 20 адам эвакуацияланды, оның 7-уі бала», – дейді құтқарушылар.

Өрт 37 минутта оқшауланып, 23:56 минутта толық сөндірілді. Өрттi cөндiруге 74 адам және 21 техника жұмылдырылды.

Бұған дейін үйі өртеніп кеткен тұрғындарға 1 миллион теңге берілетіні туралы жазған болатыбыз.