«Жаңбыр жауса, жарықсыз қалады» – министр 83 елдімекендегі апаттың себебін айтты
«Жаңбыр жауса, жарықсыз қалады» – министр 83 елдімекендегі апаттың себебін айтты
131
оқылды

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев әріптестеріне өтініш айтты.

«Биыл 13 наурызда қар аралас жауған жаңбыр мен дауылдың кесірінен электр сымдарына мұз қатып, KEGOC-қа тиесілі электр беру желісінің 243 тірегі және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не тиесілі электр желісінің 5270 тірегі құлады. Соның салдарынан Түркістан облысының 83 елдімекені электр жарығынсыз қалды», – деді Нұрлан Ноғаев. Оның айтуынша, соңғы жылдары ауа райының құбылуы салдарынан электр желісінің бағандары бүлініп жатыр.

«Сондықтан электр желілерінің табиғаттың тосын жағдайларына төзімділігін арттыру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сауда және интеграция министрліктеріндегі әріптестеріме электр желілерінің тіректері мен олардың конструкциялық элементтерінің сапасына қойылатын қолданыстағы стандарттар мен басқа да нормалардың талаптарын қайта қарауды өтініп сұраймын», – деді ол.