Қазақстанда соңғы айда қандай көлік ең көп сатылды?
Қазақстанда соңғы айда қандай көлік ең көп сатылды?
386
оқылды

Қазақстандағы автобизнес Ассоциациясының дерегінше, биыл елімізде көліктің бағасы 20 пайызға қымбаттаған. Соған қарамастан қазақстандықтар көлік сатып алуды азайтқан емес. Мысалы, 2021 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейінгі аралықта 34 199 автокөлік сатып алынған.

Қазақстан

Ассоциациясының мәліметінше, сәуір айының өзінде 10 мыңнан аса көлік сатылған. Оның 9195 жеңіл автомобиль болса, 843-і – жүк көлігі.

Сәуірде сатылған көліктің үздік бес бренді анықталды. Бірінші орында – Chevrolet, оның 2 652-сі сатылыпты. Одан соң бір айда Hyundai-дың – 2 302-сі, Toyota – 1 233-і, Kia – 761-і, Volkswagen-нің 407-сі  өтіпті.

Қазақстан  

Мамандардың айтуынша, бұл – осы жылдың орындалған алғашқы межесі. Былтырмен салыстырғанда 79,7 пайызға өсім бар. Өйткені 2020 жылдың сәуір айында бар-жоғы мыңға жуық қана көлік сатылған. Сол кездегі пандемияның салдарынан ба кім біледі? Алайда тышқан жылы еліміздегі автокөлік тарихындағы ең сәтсіз кезеңі деп саналады.

Қазақстан   Не десек те, кез келген нәрсенің екі ұшы бар. Сондықтан сол кезеңде елде жаңа көліктен гөрі, екінші нарықтағы темір тұлпарлардың бағасы қымбаттаған. Мысалы, Toyota Camry XV70 жаңасы, яғни 2019 жылғы көліктің құны бір жылдың ішінде 651 300 теңгеге өсті. Яғни, 4,9 пайызға көтерілгенін көруге болады. Бұл көлік былтыр 13 169 200 теңге болған. Ал биыл Toyota Camry XV70 орташа бағасы – 13 820 500 теңге.