Қазақстандағы автобизнес Ассоциациясының дерегінше, биыл елімізде көліктің бағасы 20 пайызға қымбаттаған. Соған қарамастан қазақстандықтар көлік сатып алуды азайтқан емес. Мысалы, 2021 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейінгі аралықта 34 199 автокөлік сатып алынған.
Ассоциациясының мәліметінше, сәуір айының өзінде 10 мыңнан аса көлік сатылған. Оның 9195 жеңіл автомобиль болса, 843-і – жүк көлігі.
Сәуірде сатылған көліктің үздік бес бренді анықталды. Бірінші орында – Chevrolet, оның 2 652-сі сатылыпты. Одан соң бір айда Hyundai-дың – 2 302-сі, Toyota – 1 233-і, Kia – 761-і, Volkswagen-нің 407-сі өтіпті.
Мамандардың айтуынша, бұл – осы жылдың орындалған алғашқы межесі. Былтырмен салыстырғанда 79,7 пайызға өсім бар. Өйткені 2020 жылдың сәуір айында бар-жоғы мыңға жуық қана көлік сатылған. Сол кездегі пандемияның салдарынан ба кім біледі? Алайда тышқан жылы еліміздегі автокөлік тарихындағы ең сәтсіз кезеңі деп саналады.