«Сергектің» айыппұлын жоямын» – полиция әлеуметтік желіде жарнама таратқан адамды анықтады
«Сергектің» айыппұлын жоямын» – полиция әлеуметтік желіде жарнама таратқан адамды анықтады
109
оқылды

Әлеуметтік желіде «Сергек» жүйесіне тіркелген жол ережесін сақтамау фактілері бойынша салынатын айыппұлдарды жою жөнінде хабарлама жарияланған.

Бұл жайтқа қатысты полиция тексеру жүргізді.

Алматы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов: «Тексеру нәтижесінде, Алматы қаласының тұрғыны анықталды. Оның айыппұлдарды заңды түрде жою бойынша заңгерлік қызмет көрсетумен айналысатыны белгілі болды», – деді.

Ол осындай екіұдай жарнама арқылы көпшілікті қызықтырғысы келген.

Алматы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, «Сергек» автоматтандырылған жүйесінің жұмысына адами фактор ықпал ете алмайды.