Әлеуметтік желіде «Сергек» жүйесіне тіркелген жол ережесін сақтамау фактілері бойынша салынатын айыппұлдарды жою жөнінде хабарлама жарияланған.
Бұл жайтқа қатысты полиция тексеру жүргізді.Ол осындай екіұдай жарнама арқылы көпшілікті қызықтырғысы келген.Алматы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов: «Тексеру нәтижесінде, Алматы қаласының тұрғыны анықталды. Оның айыппұлдарды заңды түрде жою бойынша заңгерлік қызмет көрсетумен айналысатыны белгілі болды», – деді.
Алматы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, «Сергек» автоматтандырылған жүйесінің жұмысына адами фактор ықпал ете алмайды.