Шөкеевтің орынбасары қамауға алынғаны рас па?
Шөкеевтің орынбасары қамауға алынғаны рас па?
113
оқылды

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің парамен ұсталғаны жайлы ақпарат тараған.

«Кейбір мәліметтер бойынша елордадағы жемқорлыққа қарсы агенттігі ірі көлемде пара алды деген күдікпен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевке қатысты қылмыстық іс қозғады», - деп жазады Yedilov online Telegram-каналы.

Қазір оған қандай жаза қолданатыны қаралуда. Негізі Мейіржан Мырзалиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша іс қозғалған.

Ал белгілі заңгер Айгүл Орынбек  оның мемлекет бюджеттен біраз қаржы жымқырған деп есептейді. Ол өзінің Ғасebook парақшасында "Шөкеевтің орынбасары 2 миллион пара алды деген күдікке ілінген. Бір қызығы, ол 17 мамыр күні денсаулығына байланысты демалысқа кеткен. Оның қәзіргі статусы белгісіз.  "Енді істі прокуратура жемқорлыққа қарсы агенттікке ауыстырып жіберіп, оны созбалаңға салып жатыр" деп шағым айтушылардың көмек сұрап келгенін жазды.

Кейбір деректерге қарағанда, одан бөлек Түркістан облыстық әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы мен оның қарамағындағы және бұларға қатысы бар ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жетекшісі де істі болған.

Мейіржан Мырзалиев денсаулығына байланысты анықтама алғандықтан, жұмысына қатысты міндеттемелерден босатылған. Қазір оның жасы - 40-та. Ол еңбек өтілін Алматы әкімдігінің құрылыс басқармасында бас маман болып бастаған. Одан кейін Премьер-министрдің канцеляриясында, Қостанай облысы әкімдігінде лауазымды қызметтер атқарған.