Қазақстанда студенттерге стипендия төлеу тәртібі өзгереді
Қазақстанда студенттерге стипендия төлеу тәртібі өзгереді
Енді студенттердің стипендиясы бұрынғыдай жоғары оқу орындарының шотына аударылмайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында хабарланды.
"Енді студенттердің, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы тікелей олардың картасына түседі. Яғни, соңғы отыз жылда шәкіртақы, ең алдымен, жоғары оқу орындарына аударылатын. Студенттерге стипендия төлемес бұрын оқу орындары оның оқу үлгеріміне қарайды. Біз осы тұста көптеген тәуекел барын байқадық", - деді Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында.
Ол жаңа жүйеге толығымен шілде айында көшу жоспарланып отырғанын айтты.