Қазандағы мектепте оқушыларды құтқарған мұғалім баласынан айырылды

Қазандағы мектепте оқушыларды құтқарған мұғалім баласынан айырылды

Қазандағы мектепте болған атыс кезінде оқушыларды құтқарған мұғалімдердің бірі өз ұлынан айырылып қалды.   Әйелдің айтуынша, оның ұлы Амир атыс кезінде көрші сыныпта болған. Ол жағдайы нашарлап кеткенін айтып, хабарлама жазған.  Мұғалім басқа сыныптағы оқушыларды тыныштандырып, сыртқа шыға алмаған. ОМОН сазбаздары мектептен адамдарды шығара бастағанда мұғалім ұлын құтқарды деп ойлаған. Бұл уақытта Амир қайтыс болған, - деп жазады prufy.ru. Бұған дейін Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырып, 7 оқушы мен 2 мұғалімді өлтіріп, 22 адамды жарақаттаған 19 жастағы Ильназ Галявиевтің жауап алу сәтінде не айтқанын жазған болатынбыз.