Жаз жақындады: құрылыс заттары неше пайызға қымбаттады?
Жаз жақындады: құрылыс заттары неше пайызға қымбаттады?

Energyprom мәлімдеуінше, құрылыс материалдары бір жыл ішінде  айтарлықтай қымбаттаған. Сондықтан да қазақстандықтар үшін биыл жөндеу жұмыстары қымбатқа түспек. Өйткені, сарапшылар сәуір айының қорытындысы бойынша, өндіруші кәсіпорындардың құрылыс материалдары  21,4 пайызға қымбаттағанын айтып отыр.

құрылыс Ал бір жыл бұрын өсім тек 0,3 пайыз болған еді. Сол үшін де  құрылыс ұйымдары бір жыл ішінде сатып алған құрылыс материалдарының бағасы 1,7 пайызға өсті. Көтерме сауда нүктелерінде бағаның өсуі 5,7 пайызға жетті. Сөйтіп, 2021 жылғы сәуірде құрылыс материалдарының жылдық бағасы 7,5 пайызға көтерілді.

Еліміздегі өңірлер арасында құрылыс материалдарының қымбаттауы жағынан Шымкент пен Павлодар облысы алдыңғы қатарда тұр. Ол жақтағы өсім былтырмен салыстырғанда 4,2 пайызға жеткен. Ең төменгі пайыз Маңғыстау облысында - 18,6.

құрылыс Мысалы, бөлшек сауда нүктелерінде кірпіш, күйдірілген саздан жасалған құрылыс бұйымдарының бағасы - 7,7 пайызға, құрылыс ерітінділері - 6,6 пайызға, құрылыс мақсатына арналған гипстен жасалған бұйымдар - 6,1 пайызға қымбаттады. Цемент 1,7 пайызға, әк пен гипс 0,1 пайызға өскен. Қазақстанның құрылыс одағының мәліметінше, М-400 маркалы цементтің бағасы қаңтар айында тоннасына 18 500 теңге болса, қазір 21 000 теңгеге жеткен. Арматураның өзі бір айда 13,51 пайызға өскен. Мәселен,  190 000 мың теңгеден 325 000 мың теңгеге жеткен.  width=

- Жыл басынан бері арматураның бағасы 30-40 пайызға көтерілді. Одан кейін қызыл кірпішті былтыр 33 теңгеден алсақ, биылға 56-57 теңгеден түсіп отыр.  Мәселен, Түркістанда қызыл кірпіш  өте аз өндіріледі. Бары құрылыс нормативіне сай келе бермейді. Яғни, сапасы күмәнді. Бұл, түптеп келгенде, құрылыстың мерзімінен кешігуіне, тұрғын үй бағасының 30-40 пайызға дейін қымбаттауына әкеп соқты, - дейді құрылыс компаниясының басшысы Арман Сейітов.