Шенеуніктерден 3,4 миллион теңге айыппұл өндірілді
Шенеуніктерден 3,4 миллион теңге айыппұл өндірілді
91
оқылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шенеуніктерден 3,4 миллион теңге айыппұл өндірді. Бұл жайында агенттіктің баспасөз қызметі жариялады. Деректер бойынша агенттік 102 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Шенеуніктер рұқсат беру мерзімдерін, тәртібін бұзғаны, сондай-ақ оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін жазаланды.

Соттың шешімі бойынша 54 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың 12 және жергілікті атқарушы органдардың 42 қызметкері бар. Әкімшілік жауапқа мына лауазымды тұлғалар тартылды: - Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы және төрағасының орынбасары, - Әділет министрлігі департаментінің директоры, - Орталық мемлекеттік органдардың ведомство бөлімшелерінің 8 басшысы, - Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің облыстық басқармаларының (Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу) 3 басшысы, - Жамбыл облысы Қордай, Мойынқұм ауданының әкімдері, - 4 ауылдық округ әкімдері, - 23 жер қатынастары бөлімінің басшысы, - Сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің 5 басшысы, - Аудан әкімдіктерінің 2 лауазымды тұлғасы.