Елордада сот Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті туысы Мұрат Мейірбековті қамауға алуға рұқсат берді, -деп хабарлады қалалық Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты. 18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасының Мұрат Мейірбековті 10 тәулікке қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішін қарады.
«Сот өтінішті қолдап, Мұрат Мейірбековті 10 тәулікке қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануға рұқсат берді», – делінген хабарламада.Бұған дейін қызды Грузияға жұмыс істеуге шақырған алыс туысы Мұрат Мейірбековтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.