БҚО-да екі адам суға батып кетті
БҚО-да екі адам суға батып кетті
210
оқылды
Батыс Қазақстан облысында екі адам суға батып, көз жұмды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші оқиға 17 мамыр күні кешкісін Тасқала ауданы Тасқала ауылында болды. Сағат 19.40-та 1973 жылғы ер адам мас күйінде балық аулау кезінде Деркөл өзеніне батып кеткен. Марқұмның денесі ТЖ департаменті күшімен (2 қызметкер, 1 техника) сағат 21.56-да судан шығарылды. Сондай-ақ тағы бір осындай оқиға Орал қаласында болды. Сағат 21.17-де қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы Шаған өзенінде катамаранмен жүзіп жүрген демалушыдан жағажайда өлі адамның денесін көргені жөнінде құтқарушыларға хабар түскен. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері аталған жерден 50 жас шамасындағы ер адамның денесін алып шықты. Соңғы күндері өңірде күн қатты ысып кетті. Осыған орай ТЖ департаменті тұрғындардан суға түсу ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.