Алматы облысында ер адамды атып кетті
Алматы облысында ер адамды атып кетті
87
оқылды
Алматы маңында 31 жастағы қала тұрғынын белгісіз қарудан атып кетті. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті. Мәлімет бойынша, 16 мамырда Іле ауданының полициясына ауыл сыртында оқ атылып жатқаны туралы ақпарат түскен. Анықталғандай, белгісіз екі адам арасында жанжал шыққан. Тәртіп сақшылары екеуінің де кім екенін анықтады, олардың біреуі 24 жастағы жергілікті тұрғын. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Күдікті кісі өлтіргенін мойындады.
"Күдікті жәбірленушінің мәйітін жасырған орынды көрсетті. Жәбірленуші Алматының 31 жастағы тұрғыны. Ол марқұмның денесін ауыл сыртына апарып, орға тастап, топырақпен көме салған. Қылмыс жасалған қару әзірге табылған жоқ", – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті Іле ауданының полициясында қамауда отыр.