Солтүстікте «Торнадо» желі пайда болды ма? – видео
Солтүстікте «Торнадо» желі пайда болды ма? – видео
151
оқылды
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында бүгін кешкісін қатты жел тұрып, аспанда қою шаңды дауыл пайда болған, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Термометр бағаны 30-35 градусқа дейін ыстық болып тұрған ауа райы бір-ақ сәтте өзгеріп, қатты желмен алапат құйын пайда болған. Дауылдың күшті болғаны соншалық, қою шаңнан аспанға дейін тұмшалап, түк көрінбей кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=TdXD5EEoVak Міне, бүгін - мамырдың 18-і. Жаңа ғана күн шайдай ашық еді. Арада 15-20 минут ішінде алай-түлей болып кетті. Шаңды дауылдан түк көрінбейді. Әлеуметтік желілерде лезде тарап кеткен видео түсіргендер мұндайды өмірде көрмегендерін айтады. Шаңды дауылдың ең күштісі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданының Талшық ауылында болған. Әзірге мұның қандай құбылыстан туғаны жұртқа беймәлім болып отыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы