Партияға қабылданды
Партияға қабылданды

Көпбалалы ана Алмагүл Нұқанова «Nur Otan» партиясының мүшелігіне өтті.

Алатау ауданының тұрғыны нұротан­дықтардың көмек сұрап келген өтініш иелерінің түйткілді мәселелерін шешуде белсенді жұмыс істеп жатқанын, өзіне де партия тарапынан көмек көрсетілге­нін айта келе, партия мүшесі атанғанына қуанышты екенін жеткізді. Партбилетті «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Мейіржан Отыншиев тапсырды. – Мен бес баланы тәрбиелеп отыр­ған көпбалалы анамын. Балама үйде па­й­далануға арналған медициналық аппарат – ингалятор қажет болған. Бұрын да «Nur Otan» партиясының қара­пайым азаматтарға көмектесетінін естідім, сондықтан да Алматы қалалық фи­лиалының қоғамдық қабылдау бөл­месіне өтінішімді айттым. Партиялықтар маған көмектесіп, мәселемнің оңынан шешілуіне атсалысты. Бұл қолдауы үшін алғысымды білдірдім. Осыдан кейін мен партия мүшесі атануға өтініш жібердім. Партиядан көмек сұрап қана қоймай, қоғамға, партияға өз пайдамызды да тигізгеніміз дұрыс деген шешімге кел­дім, – дейді Алатау ауданының көпба­лалы тұрғыны Алмагүл Нұқанова.  

А.ЖАСАНҰЛЫ