Көпбалалы ана Алмагүл Нұқанова «Nur Otan» партиясының мүшелігіне өтті.
Алатау ауданының тұрғыны нұротандықтардың көмек сұрап келген өтініш иелерінің түйткілді мәселелерін шешуде белсенді жұмыс істеп жатқанын, өзіне де партия тарапынан көмек көрсетілгенін айта келе, партия мүшесі атанғанына қуанышты екенін жеткізді. Партбилетті «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев тапсырды. – Мен бес баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы анамын. Балама үйде пайдалануға арналған медициналық аппарат – ингалятор қажет болған. Бұрын да «Nur Otan» партиясының қарапайым азаматтарға көмектесетінін естідім, сондықтан да Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтінішімді айттым. Партиялықтар маған көмектесіп, мәселемнің оңынан шешілуіне атсалысты. Бұл қолдауы үшін алғысымды білдірдім. Осыдан кейін мен партия мүшесі атануға өтініш жібердім. Партиядан көмек сұрап қана қоймай, қоғамға, партияға өз пайдамызды да тигізгеніміз дұрыс деген шешімге келдім, – дейді Алатау ауданының көпбалалы тұрғыны Алмагүл Нұқанова.А.ЖАСАНҰЛЫ