Асқар Молдағали қазылар тізіміне енді

Асқар Молдағали қазылар тізіміне енді

Ұлттық Олимпиадалық комитет Асқар Молдағалидың Токио Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізіміне еніп, резервте тұрғанын хабарлады.

Тізімді Халықаралық каратэ федерациясы жариялаған. Әлемдік додада төрелік ететіндердің негізгі тізіміне 17 маман енген. Ал отан­дасымыз Асқар Молдағали резерв­те бірінші болып тұр. Халықаралық федерация қа­зақ­стандық қазының канди­датура­сын резервке қойған. Олимпиада кезінде WKF реферилерінің бірі қатыса алмай қалған жағдайда Асқар Молдағали төрелік ету құқығына ие болады. Токио Олимпиадасында 5,6 және 7 тамыз күндері каратэшілер бақ сынайды. Қазақстан коман­дасының еншісінде әзірге бір жол­дама бар. Дархан Асаділов әлемдік рейтингте көш бастап, жолдаманы мерзімінен бұрын ұтып алды.  Ал Олимпиада алдындағы соңғы ли­цен­зиялық турнир 11-13 маусым аралығында Париж қаласында өтеді.  

Айбике ЖАНАСЫЛ