Полицейлер қаруы бар адамдардың құжаты мен сейфін тексеріп жатыр
Полицейлер қаруы бар адамдардың құжаты мен сейфін тексеріп жатыр
120
оқылды

Қаруды дұрыс сақтамаған және рұқсат құжаттары болмаған 9 адамға айыппұл салынды, – деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы жыл басынан бері заңды бұзған 200 азаматқа хаттама толтырылды. Қару-жарақ үйдің қабырғасына мықтап бекітілген сейфтерде сақталуы тиіс. Нұр-Сұлтан тұрғындарының қолында 15 мыңнан астам тегіс ұңғылы, иір ойықты мылтық бар. «Қару» іс-шарасы 17 маусымға дейін жалғасады.

Полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Орал: «Нұр-Сұлтан қаласында 15 мыңнан астам азаматта қару бар. Сол барлық қару иесін 17 маусымға дейін түгел тексереміз. Осы кезде балық аулауға болмайды. Жыл басынан бері бізге 35 қару тапсырылған», – дейді.