Мөлдір Бақытжанованың мемлекеттік бағдарламаға қатысты мәселесі шешілді
Мөлдір Бақытжанованың мемлекеттік бағдарламаға қатысты мәселесі шешілді
193
оқылды

Жиынға Қызылорда облыстық  ішкі саясат басқармасы «Жастармен жұмыс» бөлімінің басшысы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, барлық деңгейдегі мәслихат құрамындағы жас депутаттар, сондай-ақ, қалалық және аудандық кеңестің мүшелері ZOOM платформасы арқылы қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің аймақтық құрамы және ережесі таныстырылып, кеңестің жылдық жоспары мен медиа жоспары бекітілді. Сондай-ақ, «Жастар – Отанға!» бағдарламасының және оны іске асыру жөніндегі облыстық жол картасының 5 негізгі бағытының орындалуына жауапты кеңес мүшелері сайланды.    width= Атап айтсақ, «Азаматтылық белсенділік» бағытына жауапты болып Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Мукеев Азамат Ырысдәулетұлы, «Сапалы білім» бағытына  Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымының «Ұйымдастыру және ақпарат» бөлімінің бас маманы Сағындықова Жанар Берікболқызы, «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бағытына облыстық мәслихат депутаты, «Авто-Лидер» ЖШС  директоры – Ибраев Нұрболат Балтабайұлы, «Жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана» бағытына  облыстық мәслихат  депутаты, «Ару Ана» сүт өңдеу кәсіпорнының директоры – Дүйсенбек Баян Сабырқызы, «Тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бағытына жауапты ретінде Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлының кандидатуралары ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты. Жиынға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов қатысып, Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің негізгі функциялары, оған жүктелген міндеттер жөнінде тілге тиек етіп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Басқосуда жастар «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының  өңірімізде жүзеге асырылу барысы туралы Қызылорда облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы «Ауыл шаруашылығы» бөлімінің басшысы Мәріп Шәріпұлы Акпардың есебін тыңдады.

«Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылары арасында  жасалған сауалнама қорытындысын талқылауға салды.  Сонымен қатар Қазалы ауданының тұрғыны Мөлдір Бақытжанованың мемлекеттік бағдарламаға қатысты туындаған мәселесін бейнеролик арқылы ұсынып, заңгерлік тұрғыда көмек көрсетті.