Қазақстанда 35 градус ыстық болады
Қазақстанда 35 градус ыстық болады

Ертең Қара теңіз аумағынан суық ауа массасының келуіне байланысты, батыс және оңтүстік өңірлерді қоспағанда, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.

Түнде солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда кей жерде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіледі. «21 мамырда түстен кейін Иран аумағынан жылы ауа массасының келуіне байланысты температура көтеріледі: солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аудандарда 25-33 градусқа дейін күн жылы, оңтүстікте 35 градус ыстық болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. 20-21 мамырда еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман басуы мүмкін», – дейді метеорологтар.