Коронавирустан емделіп, сауыққандарға шипажайға тегін жолдама беру мәселесі қарастырылып жатыр.
Мұндай мүмкіндік МӘМС-ке тұрақты қаржы аударып тұрғандарға берілуі мүмкін. Емдеу-сауықтыру жолдамасымен шипажайда 14 күн демалуға болады. Жолдама бойынша тыныс жолдары ауруларына ем алу, тұзды үңгір, тамақтану және т.б. тегін.Бұған дейін вакцина алған азаматтар ПТР тест тапсырмайтынын жазған болатынбыз.