Бұдан былай медициналық тексеріс кезінде флюорографияны тапсырудың қажеті жоқ.
Жүргізуші куәлігінің мерзімін ұзарту үшін терапевт, окулист, лор, психолог, наркологтың тексерісінен өтсе жеткілікті.Жүргізуші куәлігін алу үшін: – жеке куәлік; – медициналық тексерістен өткені туралы анықтама; – мемлекеттік баж салығының түбіртегі керек.Көлік құралын жүргізуге рұқсат беретін анықтаманы e-Gov порталы арқылы алуға болады. Оны алу үшін цифрлық қолтаңбамен e-Gov порталы арқылы өтінім жіберуі тиіс. Хаттың жауабы «Жеке кабинетке» келеді. Қажетті құжаттар жіберілмесе, мерзімі өтіп кетсе, медициналық тексерістің нәтижесі дұрыс болмаса, анықтама берілмейді.
Биылдан бастап көлік жүргізушілері жеке куәлікпен де жүре алады.