Мәдени мұрамыз неге осал? Қазақстан 76-орында
Мәдени мұрамыз неге осал? Қазақстан 76-орында

Мәдени мұра бойынша рейтингте Қазақстан 78 елдің ішінде 76-орынға тұрақтаған. Ел индексі ықтимал 100 ұпайдың 0,3-іне бағаланды.

Еnergyprom сарапшылары жариялаған рейтингте Ресей 15-орын, Беларусь 71-орын, Өзбекстан 75-орында тұр. Үздік бестікте Испания, Италия, Грекия, Франция және Мексика бар. Оман рейтингте ең соңғы орынды алды. Индекс бес критерий бойынша есептелген: мәдени қолжетімділік, тарих байлығы, тағам сапасы, мәдени және географиялық көрікті жерлер. Тарих байлығы өлшемі бойынша Қазақстан 100 балдан 8,9 балға, географиялық көрікті жерлер бойынша — 5,3 балға, мәдени қолжетімділік бойынша — 5,5 балға, тамақтану сапасы бойынша — 2,5 балға, мәдени көрікті жерлер бойынша — 0 балға бағаланды.  width= 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жалпы ауданы 2,4 млн. шаршы метр болатын 3,1 мың мәдени-демалыс ұйымдары болды. Бұл ұйымдардың 2,9 мың үй-жайы бар, олардың ішінде 317-сін жөндеу қажет, 113-і авариялық жағдайда тұр, 86-сы жылытылмады. Мәдени-бұқаралық 87,1 мың іс-шара өткізілді, бұл - бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,5 есе аз. Былтыр барлық іс-шараның жартысынан астамы Алматыда (21 мың), 12,7 мыңы Ақмолада және 12,5 мың Шығыс Қазақстан облысында өтті. Қазір Қазақстанда 253 музей жұмыс істеп тұр, онда негізгі қордың 2,6 миллион экспонаты бар. 1 млн. экспонат электрондық форматта болды, бұл - бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,2%-ға артық. Былтыр музейге бар-жоғы 2,4 млн. адам келді, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 65,6%-ға аз. Еnergyprom сарапшыларының пікірінше, музейге келушілердің күрт азаюына пандемияның кесірі тиді. Дегенмен, түрлі шектеуге қарамастан, ел музейлерінде 62,8 мың экскурсия (-65,4%), 7 мың дәріс (-50,2%), 4,1 мың көрме (-57,3%) өткізілді. Көбіне Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы және Нұр-Сұлтандағы музейге адамдар көп барған. Музейге келушілер саны