Қазақстанда 38 мың адам коронавирустан емделіп жатыр – министрлік
Қазақстанда 38 мың адам коронавирустан емделіп жатыр – министрлік
5,100
оқылды
18 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 151 адам коронавирус инфекциясынан (37 694 КВИ+ және 457 КВИ-) емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Олардың ішінде 13 768 пациент стационарда, 24 383 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 756 адамның жағдайы ауыр, 192 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.