35 жастағы ақтаулық келіншек оныншы баласын күтуде

35 жастағы ақтаулық келіншек оныншы баласын күтуде

Ақтаулық келіншектің есімі - Гаухар Ешмұханова. Ол 35 жасында көпбалалы ана атанды. Бұл жайында Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, ерлі-зайыпты 2001 жылы үйленген екен. Қазір Сәкен мен Гаухардың тоғыз баласы бар.  Оның төртеуі - ұл, бесеуі - қыз. Балалардың үлкені 19 жаста болса, ең кішісі - 9 айлық. Арасында егіздер де бар. Ерлі-зайыпты жақында олардың қатарына тағы бір сәби қосылады деп күтуде.

«Балаларды бағып-қағуға енем мен үлкен қыздарым көмектеседі. Үлкен балаларым өздерінен кейінгі кішкентайларға бас-көз болып, үйдің тірлігіне араласып, істесіп жатады. Солардың арқасында өзіме уақыт тауып, ұнайтын іспен айналысып жүрмін", - дейді Гаухар Ешмұханова. 

Оның сөзінше, ол бос уақытында шығармашылықпен айналысып, мерекелік кештерде ән айтады екен.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ (@ladakz)