Нұр-Сұлтанда бір жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Нұр-Сұлтанда бір жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
138
оқылды

Оқиға 18 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында болған. Бір жасар сәби  тұрғын үйдің 4 қабатынан құлаған.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде бір жасар ұл үйде анасымен бірге болған. Анасы жуынатын бөлмеде кір жуып жүрген. Сол сәтті пайдаланған бүлдіршін ас үйдегі терезенің үстіне шығып алған. Содан жүре бергенінде ашық тұрған терезеден құлап түскен. Өкінішке қарай, терезе темір тормен қоршалмаған еді. Ауыр жарақатының салдарынан нәресте аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. 

Дәл осындай жазатайым жағдай елордадағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Төрт  жасар бала оныншы қабаттан құлап, мерт болған. Анасы үйді жинап жүріп, бірер сәтке басқа бөлмеге кіріп кетеді. Осыны пайдаланған сәби терезедегі ілгекті ашып, құлап түскен.