Дональд Трамп қанша зейнетақы алады?
Дональд Трамп қанша зейнетақы алады?

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп өкілеттігі аяқталғаннан кейін қаңтарда 65 мың доллардан астам зейнетақы алған, деп хабарлады РИА Новости.

Business Insider мәліметтері бойынша, Трамп бұрынғы президент ретінде жыл сайын 221 мың доллардан астам зейнетақы алады. Ол салықтардан төленеді. Алайда Дональд Трамп президент кезінде берілетін жалақыдан салық төлеушілердің ақшасын алғысы келмейтіндіктен бас тартқан, кейде оны қайырымдылыққа таратып отырған. Экс-президенттің зейнетақы ретінде алатын қаражатты қайда жұмсайтыны әлі белгісіз. Бұдан бөлек, NBC телеарнасының мәліметінше, Нью-Йорктегі АҚШ Бас прокуратурасы Дональд Трамптың Trump Organization компаниясына қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Еске салайық, Дональд Трамп 2020 жылғы 3 қарашадағы президенттік сайлауда демократ Джо Байденнен жеңілді. Ол жеңілісін соңына дейін мойындамай келді және қаңтарда Байденнің инаугурациясына қатысудан бас тартты. Бұл 150 жылда алғаш рет болған оқиға.