Вакцинаның екі дозасын салдырған 104 қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Вакцинаның екі дозасын салдырған 104 қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
81
оқылды
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салдырған 104 адам індетке шалдыққан. Бұл туралы  Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады.
"Коронавирусқа қарсы вакцинаның бір дозасын салдырған 541 адам, екі дозасын салдырған 104 адам індетке шалдыққан. Біріншіден, қазақстандықтар вакцина салдырған кезде коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін. Екіншіден, вакцина адамды 100% коронавирустан қорғай алмайды. Мысалы, "Спутник V" вакцинасының тиімділігі 92% екені белгілі", - деді ол брифингте.
Бұған дейін Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң қайтыс болған дәрігерге қатысты тексеріс қорытындысы шыққанын жазған болатынбыз.