16 жастағы қызды аяусыз ұрып-соққан әйелдің бірі ұсталды
16 жастағы қызды аяусыз ұрып-соққан әйелдің бірі ұсталды
133
оқылды

Алматы облысы Боралдай кентінде кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан әйелдің бірі ұсталды.

Оқиға 13 мамырда болған еді. Алматы облысы Боралдай кентіндегі аялдамада екі әйел 16 жастағы қызды ұрып-соққан. Жасөспірім алған жарақаттарына байланысты Алматыдағы балалар ауруханасына жеткізілді. Осыдан кейін полицейлер Алматыдан Боралдай ауылына жеткізген такси жүргізушісін тауып, 25 пен 40 жас аралығындағы әйелдерді ұқсас белгілері бойынша тексерді. Тексеріс барысында 27 жастағы тұрғын ұсталды.
"19 мамырда Алматыда өткізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол дәлелдер ұсынылғаннан кейін өз кінәсін мойындады. Оқиғаның екінші қатысушысы, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының 30 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр", - деді.