Халықаралық іздеуде жүрген шекара бұзушы ұсталды
Халықаралық іздеуде жүрген шекара бұзушы ұсталды
109
оқылды
«Петропавл» темір жолы өткізу бекетінде «Челябі - Петропавл» бағыты бойынша жүретін жүк вагондарының арасындағы тұғырнамадан оператор бейнебақылау арқылы вагондар арасындағы қарайғанды байқап қалған. Түскен мәліметті тексеру үшін жедел аттанған шекара жасағы «П» есімді РФ азаматын ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. Тексеру шаралары барысында ұсталған тұлғаның халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Материал сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Көліктегі полиция департаментіне берілді.