Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінде жемқорлардың іс-әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Сыбайлас жемқорлықты жою, өз араларында тәртіп орнату, сондай-ақ халықтың сенім деңгейін арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшылығы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған тұлғаларды анықтады»,-делінген хабарламада.Олар Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы және осы Департаменттің басқа да лауазымды тұлғалары болып шыққан. Қазіргі уақытта оларға қатысты тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
«Менің тапсырмам бойынша Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы департаменттің орта буын басшыларына және басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығы Е. Сәденов.Тергеу мүддесі сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.