Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды
127
оқылды
Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегі өтетін уақыт пен қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 28 жастағы Жәнібек келесі айқасында 30 жастағы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жұдырықтасады. 26 маусым Лас-Вегастағы бокс кешінде өтетін жекпе-жек он раундқа есептелген.  Ал бұл шоудың басты кездесуінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) қарсы тұрады. Қазақ боксшының қарсыласы 2018 жылы жапониялық Риота Муратаны (14-2, 10 КО) жеңгенімен белгілі. Осылайша, америкалық боксшы орта салмақта WBA белбеуін жеңіп алады. Бір жылдан кейін жапониялық боксшы қарымта айқаста Брантты екінші раундта нокаутқа түсірген. Жәнібек былтыр қазанда жұдырықтасып, аргентиналық Гонсало Корионы (16-4, 6 КО) нокаутқа түсірген.