БҚО-да 4 тонна дән тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
БҚО-да 4 тонна дән тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
195
оқылды
Батыс Қазақстан облысында 4 тонна зығыр дәнінің тұқымы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлады inform.kz. ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні Теректі ауданы аумағында болған. Самара-Шымкент жолында Жаңаөмір ауылына бұрылар тұста 1983 жылғы жүргізуші рульге ие бола алмай, ГАЗ-53 автокөлігі аударылып қалған. Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, тұқым ішінара өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 18.10-да толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.  width=