Батыс Қазақстан облысында 4 тонна зығыр дәнінің тұқымы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлады inform.kz.
ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні Теректі ауданы аумағында болған.
Самара-Шымкент жолында Жаңаөмір ауылына бұрылар тұста 1983 жылғы жүргізуші рульге ие бола алмай, ГАЗ-53 автокөлігі аударылып қалған.
Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, тұқым ішінара өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 18.10-да толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.