Jas Otan: әлемді өзгертетін жастар
Jas Otan: әлемді өзгертетін жастар
135
оқылды

Аталған бағдарлама Nur Otan партиясының жастар қанаты қазіргі жастардың сұранысындағы жаһандық трендтер мен өзгерістерді ескеретінін көрсетті. Бағдарлама әлемдік үздік тәжірибелерді және еліміздің барлық өңіріндегі жастардан келген үш мыңнан астам ұсынысты негізге ала отырып әзірленді.

«21 жылдық тарихында Jas Otan шын мәнінде еліміздің жастар саясатының авангардына, жастар бастамасының локомотивіне, және мыңдаған адамның әлеуметтік сатысына айналды. Елбасының 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасына сәйкес жастарды қолдауға арналған, 100 нақты қадамды анықтайтын  2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы әзірленді, – деп атап өтті Jas Otan ЖҚ басшысы Нұржан Жетпісбаев. Бірінші міндет – жастардың елдің саяси өміріне араласуына жағдай жасау. Осылайша, сайлау туралы заңға түзетулер енгізіліп, әйелдер мен жастар үшін 30% міндетті квота белгіленді. Екінші міндет – білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ білім беруді еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай етіп бағдарлау.

"Қазір білім беруді еңбек нарығы қажеттіліктерінен ажырату мәселесі байқалады. Басқаша айтқанда, жоғары оқу орындары болашақта еңбек нарығына қажет болмайтын мамандарды даярлайды, ал жаңа мамандықтарға тапшылық артып келеді. Осының бәрі 2025 жылға дейінгі  "Жастар – Отанға!" бағдарламасында айтылған.

Үшінші міндет – жұмысқа орналастыру механизмін дамыту және жастар кәсіпкерлігін қолдау. Бағдарламада жастар кәсіпкерлігі проблемаларын шешу жолдарын табу мәселесі айтылған. Мысалы, міндетті кепілмен қамтамасыз ету және басқа да проблемалар. Төртінші міндет – жастардың тұрғын үй алуына жағдай жасау. Қазір жастар "7-20-25", "Нұрлы жер", "Жас отбасы" бағдарламаларымен баспана сатып алуға мүмкіндік бар. Бірақ бастапқы жарна мен табыс деңгейінің жеткіліксіздігінен проблема туындап отыр. Сондай-ақ жергілікті жерлерде жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағдарламалары жоқ. Әлеуметтік зерттеулер бойынша, жас қазақстандықтардың тек 18% - ның ғана өз баспанасы бар. Бұған қарап тұрғын үй мәселесі өзекті екенін аңғаруға болады. Сондықтан бұл міндетті шешу жолы 2025 жылға дейінгі "Жастар - Отанға!" бағдарламасында келтірілген. Бесінші міндет – жастар мәдениетін дамыту. Түрлі өңірлерде жастардың бос уақытын өткізетін нысандар бойынша мәселе бар. Кейбір аймақтарда кітапханалар аз болса, ал басқаларында керісінше артық болып жатады. Мысалы, спорт кешендері, стадиондар және коуоркинг орталықтары. Ауылдарда да, қалаларда да жастар бос уақытын өткізетін мекемелер тапшылығын сезініп жатыр. «Жастар – Отанға!» бағдарламасын дамыту бойынша Республикалық жол картасы қабылданды. Жол картасы 5 жылға бөлінген 19 нақты индикаторды және индикаторларға қол жеткізуге бағытталған 60-тан астам іс-шараны, сондай-ақ бағдарламаның әрбір бағытына жауаптыларды айқындай отырып, 216 өңірлік жол картасын қамтыды. Әрбір бағыт бойынша шаралар кешені әзірленді, нақты индикаторлар айқындалды. Nur Otan партиясының жастар қанаты Қазақстан жастарын толғандыратын және оның кең ауқымды мүдделерін қамтитын ең өзекті мәселелерді шешеді. "Жастар – Отанға!" бағдарламасына тиісті шаралар кешені бар өңірлік жол карталары енгізілген.

Саясаттағы жаңа тұлғалар

Nur Otan партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Жасотандықтар жастарды қолдауға және заң шығару процесінде олардың мүддесін қорғауда күш-жігерін біріктіруге ниетті. Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша белгіленген квота негізінде Nur Otan-ның  мәслихаттардағы жас депутаттар саны үш есеге 7-ден 23%-ға дейін артты. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың 616 жас депутатының 427-сі немесе 69%-ы партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған партияішілік праймеризден өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, Жас депутаттар корпусының басшысы болып Nur Otan партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының депутаты Елнұр Бейсенбаев сайланды.

    Даңғыл жол

2021 жылы Nur Otan партиясының жастар қанатына 21 жыл толады. Jas Otan-ды құру туралы шешім 2000 жылғы 4 қаңтарда "Отан" партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысында қабылданды. Осы уақыттан бастап жастар қанаты жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға жұмыс істеп жатыр. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегі бойынша 2020 жылдың басында 14-28 жас аралығындағы жастар саны ел халқының жалпы санының 20,2%-ы немесе 3 765 383 адам болды. Қалалық жерлерде 2 125 065 адам, ал ауылдық жерлерде  1 640 318 адам тұрады.

Қазір Jas Otan 105 мыңнан астам жас қазақстандықты біріктіреді және оның филиалдары еліміздің барлық өңірінде бар. Өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып, Жастар қанаты жастардың барлық санаттарының: студент және жұмысшы, ауыл және қала, шығармашыл, кәсіпкерлер және т.б. мүдделерін нақты қорғаушы ретінде әрекет етеді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Jas Otan – елімізді жаңғырту үдерісіндегі қазақстандық жастардың басты саяси үйлестірушісі және болашақ саясаткерлерге арналған мектеп.

2008 жылдың 14 мамырында І съезі өтті. Осы күннен бастап ұйым республикалық қоғамдық бірлестік мәртебесіне ие болды. Ұйымның жарғысы мен стратегиясы қабылданды.

"Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басты назарында болды. Jas Otan дербес бірлестік болған сәттен бастап партияның жас мүшелеріне болашаққа өз іс-қимыл стратегиясын өз бетінше анықтауға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде жастар қанаты жастардың ең белсенді және жауапты бөлігін біріктіріп, студенттер, жас фермерлер мен жұмысшылар, ғалымдар мен шығармашылық қызметкерлердің кең коалициясын құрды", – деп атап өтті Елбасы 2012 жылғы 16 қарашада Жастар қанатының II съезінің ашылуында.

Уақыт өте келе Қазақстан Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды. "Дипломмен – ауылға" және "Жастар кадрлық резерві" жастар жобалары пайда болды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясында Jas Otan бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жобалар да жүзеге асырылуда. Мысалы, "Жасыл ел" жобасы аясында елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыруға 250 мыңнан астам жас қатысты. "Серпін – 2050" жобасы 1,5 мыңнан астам жасқа тұрақты жұмыс пен үй табуға көмектесті, ал "Еңбек" бағдарламасының арқасында бизнесті дамыту үшін 5,6 мың қазақстандыққа микрокредиттер берілді. Jas Otan шығармашыл жастарға да қолдау көрсетеді, ұйым жыл сайын таланттар конкурсын өткізеді, сондай-ақ Jaidarman телевизиялық жобасына көмектеседі. Jas Otan жастардың әлеуетін ашатын алаңға айналды. Мысалы, Жастар қанаты ұйымдастырған Nurintech жобасының жеңімпаздары өздерінің инновациялық идеяларын халықаралық деңгейде жүзеге асырып жатыр. Сондай-ақ балалар Силикон алқабында (АҚШ) өткен бизнес идеялар байқауының жүлдегері атанды. Бүгінде жүздеген қазақстандық үшін Jas Otan 21 жыл ішінде өмір мектебіне айналды. Мемлекеттік қызметте де, жеке секторда да қызмет атқарады, әлемнің ірі зертханаларымен ынтымақтасады, өскелең ұрпаққа білім береді, мұқтаж адамдарға көмектеседі, өмірін сақтайды, үй салады.

Biz birgemiz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020 жыл Қазақстанда Еріктілер жылы деп жарияланды. Jas Otan бүкіл ел үшін қиын сәттерде ержүрек жас қазақстандықтарды біртұтас командаға біріктіре алды. Олар басқаларға көмектесіп, қолдау көрсетуді міндеті деп санайды. Кейінгі үш жыл еліміз үшін оңай болған жоқ. Жастар елмен бірге қиыншылықпен күресті.

700 жасотандық 2019 жылы Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккендерге еріктілер көмегін көрсетті. Үш ай бойы оқиға орнында болып, эвакуациялық пункттерде жұмыс істеді. Мақтааралда төтенше жағдай кезінде де жасотандықтар қол қусырып отырған жоқ. Олар жергілікті тұрғындарды эвакуациялауды алғашқылардың бірі болып қолға алды.

Жасотандықтар өткен жылдың наурыз айынан бастап халыққа пандемиядан аман өтуге көмектесіп келеді. Өткен жылы еріктілердің жедел топтары бүкіл Қазақстан бойынша азық-түлік себеттерін, медициналық маскаларды мұқтаж отбасыларға жеткізді. Көмекке мұқтаж 10 мыңға жуық отбасы еріктілердің көмегімен мұқият жиналған жиынтықтарды алды. Сондай-ақ, балаларға инфекцияның алдын алу туралы ақпарат парақшалар таратты. Мұндай іс-шаралар өз тиімділігін көрсетті, өйткені олардың арқасында көптеген мұқтаж қазақстандық отбасы пандемия кезінде өздеріне қажетті көмек алды. Jas Otan еріктілері пандемия кезінде жұмыс істейтін дәрігерлерді қолдауға шешім қабылдап, 2020 жылдың жазында "Денсаулық себеттері" акциясын өткізді. Алғашқы күндері 1,5 мыңнан астам дәрігерге пайдалы өнімдер, жемістер мен дәрумендер таратылды. Жасотандықтар Еріктілер жылын табысты өткізді.

Ынтымақтастық

Партияның жас жақтастары Елбасының шет елдермен берік қарым-қатынас орнату жөніндегі стратегиясын қолдай отырып, шет мемлекеттердің жастар ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық орнатып келеді. ШЫҰ елдерінің жастары Jas Otan-ды ұйымның жастар кеңесін құрудың бастамашысы ретінде білді. Жасотандықтардың идеясының арқасында 13 жыл бойы қатысушы елдердің Жастар ұйымдары түрлі қызмет салаларында бірлескен жобаларды бірлесіп жүзеге асырып келеді. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің жастар форумына Қазақстанның атынан белсенді қатысып келеді, Ислам ынтымақтастық ұйымы Жастар форумының мүшесі болып саналады.

 Заман талабы

Jas Otan –  әрбір жас қазақстандықтың мүддесін қорғайтын, жас патриоттарды нақты мақсаттар мен міндеттер төңірегінде біріктіретін елдің ірі жетекші жастар ұйымы. Өмір әркімді қиындыққа мойымай, қайсарлық пен еңбекқорлыққа үйретеді. Әлемдік пандемия адамзатқа келген сынақ болды, қатаң талап қойды. Жасотандықтар да заман көшінен қалмай, ілесіп келеді. Ұйымның 21 жылдық тарихы жетістіктерге толы. Ұйым құрылған сәттен бастап жастарды партия көшбасшысы идеясының айналасына жинап қана қоймай, оның бағдаршамы бола білді.

Jas Otan жұмыс істеген уақыттан бастап ұйым қатарында жас, табысты қоғам және саяси қайраткерлердің тұтас бір легі тәрбиеленді. Осылайша, жастар ұйымы көптеген жастың өмірде өз жолын табуға көмектесті.