"Барыс" капитаны КХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншылар қатарына кірді
"Барыс" капитаны КХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншылар қатарына кірді
118
оқылды
"Барыс" хоккей клубының капитаны Даррен Диц жылына 100 миллион рубль (579 миллион теңге) алады. Бұл бүкіл ҚХЛ-дағы екінші үлкен жалақы, - деп жазады Sport-Express порталы. Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы 40 миллион рубль немесе одан көп жалақы алатын 95 үздік хоккейшілердің тізімін жасады. Айта кету керек, ҚХЛ-да келісімшартқа отырмаған мықты хоккейшілер әлі де көп. Рейтингте ойынышылардың бонустарсыз алатын жалақысы көрсетілген. Сол тізімде «Барыс» командасының тағы бір ойыншысы Кертис Волкте бар. Порталдың хабарлауынша, шабуылшы келесі маусымда 40 миллион рубль (231 миллион теңге) табуы мүмкін. Волктың да, Дицтің де «Барыспен» келісімшарттары 2022 жылы 30 сәуірде аяқталады.