Тоқаев ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарып қалған Ердоғанның дәрігеріне алғыс айтты – видео
Тоқаев ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарып қалған Ердоғанның дәрігеріне алғыс айтты – видео
137
оқылды

Режеп Шекерге Президенттің алғысхатын Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы табыстады. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы айтты.

Елші дәрігерге алғыс білдірді.   https://youtu.be/_NeKu89tjwI Видео: 24.kz

Бұған дейін наурыз айында ұшақ бортында қазақстандық сәбидің жүрегі тоқтап қалғанын жазған болатынбыз. Сол уақытта  ұшақ бортында Түркия президентінің жеке дәрігері де болған. Ол баланы ажалдан арашалап қалған.

Баланы құтқарып қалған дәрігер өзіне көңіл бөлгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.